Үш облыста ескерту жарияланды
Үш облыста ескерту жарияланды
141
оқылды
Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарында ертең, 31 желтолқсан күні ауа райы қолайсыз болады, – деп хабарлайды Қазгидромет. 31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұрқасын соғуы мүмкін, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 31 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Сол күні Шымкент қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Сол күні Түркістан қаласында кей уақытта тұман күтіледі. 31 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.