Қарияның өтінішін орындады
Қарияның өтінішін орындады
129
оқылды

Ауған соғысының арда­гері, ІІІ топ мүгедегі,  Орал қаласының тұрғыны Серік Сұлтанов «Nur Otan» партия­сы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қа­былдау бөлмесінің көмегіне жүгінді.

Денсаулығы сыр берген соғыс ардагері ауласындағы тұндырғышы толып кеткенін, тұндырғышты сорғызу үшін көлік қалың қардан кіре алмай отырғанын жеткізді. Денсаулығына байланысты қалың қарды өзі арши алмайтынын, ау­ласындағы қарды тазалауға ерік­тілердің көмегі керек екенін айт­ты. Аталған өтініш бойынша «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің мамандары «Jas Otan» Жастар қанаты облыс­тық филиалының консультанты Е.Шамғалиевқа хабарласып, еріктілердің баруын қамтамасыз етуін ұйымдастыруды тапсырды. «Jas Otan» Жастар қанаты об­лыстық филиалының кон­сультан­тының  ұйымдастырумен жасо­тандықтар өтініш иесінің аула­сының қарын тазалап берді. Сол күні Серік Сұлтанов пар­тия­ның об­лыстық филиалының жедел же­лі нөміріне хабарласып, алғысын жаудырып, ризашылығын біл-дірді.

Әбілмансұр ЖАСАН