Әуежайдан гүл алып кеткен ер адам ұсталды
Әуежайдан гүл алып кеткен ер адам ұсталды
99
оқылды

Алматы әуежайынан гүл алып кеткен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция бөліміне сілтеме жасап.

Ол қоғамдық орындарға мас күйінде кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«30 желтоқсанда 37 жастағы азамат алкогольді ішімдік ішкені үшін және мас күйінде қоғамдық орындарға кіргені үшін ұсталды ол осымен екінші рет құқықбұзушылық жасап отыр. Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесіндегі азық-түлік дүкенінің жанында ол көпшілік алдына мас күйінде көрінді, алкоголь ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзды», – делінген хабарламада.

Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, бұдан былай қателіктерді қайталамайтынын айтты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды», – деп толықтырды полиция.

мас2.jpeg