Ел қара жамылып, халық қиналып жүргенде, пойыздың билеттері алыпсатарлардың қолында жүр. Ақтауға пойыздың билетін 45 мың теңгеге сатуда...
Қоғам белсендісі, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жәнібек Қожық пойыз билеттерінің күрт қымбаттап кетуіне байланысты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа халық атынан қатаң талап қойды, – деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мырзаға! Шұғыл!!! Кешегі «Bek Air» ұшағы апатынан кейін Алматы қаласында оқитын маңғыстаулық студенттер, жолаушылар ауылға қайта алмай, қиналып жүр.
Көптеген ауылдастарым «Маңғыстауға мүлдем билет жоқ» деп маған хабарласып жатыр. Сізден шұғыл түрде Маңғыстауға жүретін пойыздарға қосымша вагон қосуыңызды сұраймыз!
Ел қара жамылып, халық қиналып жүргенде, пойыздың билеттері алыпсатарлардың қолында жүр. Ақтауға пойыздың билетін 45 мың теңгеге сатуда...
Бұл жемқорлықты тоқтатыңыз! Шұғыл түрде оңды шешім қабылдаңыз, болмаса, орныңызды босатыңыз!!!» деп жазды ол facebook парақшасына.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мырзаға!
Шұғыл!!!
Кешегі "Bek Air" ұшағы апатынан кейін Алматы қаласында оқитын Маңғыстаулық студенттер , жолаушылар ауылға қайта алмай қиналып жүр.
Көптеген ауылдастарым, "Маңғыстауға мүлдем билет жоқ" деп маған хабарласып жатыр. Сізден шұғыл түрде Маңғыстауға жүретін пойыздарға қосымша вагон қосуыңызды сұраймыз!
Ел қара жамылып, халық қиналып жүргенде пойыздың билеттері алыпсатарлардың қолында жүр. Ақтауға пойыздың билетін 45 мың теңгеге сатуда...
Бұл жемқорлықты тоқтатыңыз!
Шұғыл түрде оңды шешім қабылдаңыз, болмаса орныңызды босатыңыз!!!
Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі
Жәнібек Қожық
Оны көпшілік бірден қолдай кетті де, осы жазбасын 5 сағаттың ішінде жүзге жуық адам өз парақшаларында бөлісті.
«Мынау масқара екен! Студенттер 45 000 теңгені қайдан алады? Шұғыл түрде шара қолдану керек!», «Ескі-құсқы вагондармен қайту да қорқынышты», «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы деген осы ғой», «Жәке, келесі болатын қоғамдық кеңесте осы мәселені қозғаңызшы! Студенттерге обал ғой мынау» десті олар.
Бұдан бөлек, Алім Ұлы Жақайым деген бүркеншік атпен тіркелген азамат: «Вагондар жетіспейді. Мен сол салада істеймін. Жалақы аз болғасын барлық специалистер кетіп қалды. Үлкен Алматы вагон жөндеу зауытында қазіргі таңда айына алатын жалақы 60-70 мың теңге. Мықты мамандардың барлығы дерлік кетіп қалды. Оның үстіне, жұмысшылардың талабы мен құқығы еш ескерілмейді және қорғалмайды. Бұл – ащы шындық! Есесіне қожайындардың есебі түгел, жағдайлары жақсы!» - деп, өзі білетін жағдайдың шетін шығарып қойды.