Кинологиялық орталықтың басшысы ұсталды
Кинологиялық орталықтың басшысы ұсталды
129
оқылды

Параның көлемі 2 миллион 182 мың теңге.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы басшылары жемқорлық бойынша күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп пара алу күдігі бойынша ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің «Кинологиялық орталығы» РММ басшысы мен оның орынбасарын әшкереледі.

«Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлықтары үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген. 28 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», –делінген хабарламада. Агенттік баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

https://youtu.be/FYB_KuxnKGQ