Полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің не себепті үйінен кетіп қалғаны белгісіз.
Гүлнар Сәрсенова үйіне қайтты. Әйелмен бірге тұратын Александр Ершов онымен әлі сөйлеспеген. Ол Қарағандыға азаматтық некедегі әйелін он шақты рет іздеп барып, таппай келген.«Әйелді Майқұдықта учаскелік полиция инспекторы тапқан. Полицей қызмет ететін аумақты аралап жүргенде әйелді байқап қалған. Содан кейін оны бөлімшеге жеткізді. Іздеу салған адамға хабар берген», – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
14 қаңтарда әйел таксимен жолға шыққан. Қосшы ауылынан төрт шақырым ұзаған соң телефоны өшірілген.