Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды
Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды
186
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.