Қазақстандық олигарх Бельгияда коронавирустан қайтыс болды
Қазақстандық олигарх Бельгияда коронавирустан қайтыс болды
109
оқылды

Бұл туралы ERG баспасөз қызметі хабарлады. Алиджан Ибрагимов – ERG компанияларының ірі акционері.

Алиджан Ибрагимов 1953 жылы маусым айында Өзбекстанда туған. Қазақстан азаматы, 6 баласы бар. Алиджан Ибрагимов 1974 жылы Мәскеу ветеринарлық академиясын «Өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен саудасын ұйымдастыру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экономисі және басшысы болып жұмыс істеді. «Невада-Семей» АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президенті болды. 1995-2000 жылдар аралығында Еуразиялық банк директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2001-2007 жылдары Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды. 2002-2007 жылдар аралығында «Қазхром ТҰК» АҚ-ты басқарды. «Қазақстан алюминийі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет»,  III дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, олигарх Бельгияда коронавирустан қайтыс болған. Ол былтыр маусым айында ол COVID-19-бен күреске үлес қосқаны үшін марапатталды.

Коронавируспен күреске Алиджан Ибрагимов 100 миллион теңге бөлген болатын.