Телефон арқылы сөйлесті
Телефон арқылы сөйлесті
161
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Қырғыз Рес­публикасының президенті Соорон­бай Жээнбековпен, Арме­нияның премьер-министрі Никол Пашинянмен, Өзбекстан Рес­публикасының президенті Шавкат Мирзиёев­пен және Беларусь Рес­публикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары бір-біріне ілтипат білдіріп, жаңажылдық құттық­тауын жеткізді.

Көшбасшылар тұрақты әрі сенімді саяси диалогты қолдаудың маңызын атап өтіп, 2020 жылға арналған ынтымақтас­тықтың нақты жоспарын белгіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара ықпалдастықтың барлық саласындағы екіжақты қатынастың оң қарқынын атап өтіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз бен өзбек халқына және достас армян халқына бақ-береке тіледі.