Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып, оны жалға беріп пайда тауып отырған кімдер?
Мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып, оны жалға беріп пайда тауып отырған кімдер?
166
оқылды

Баспана иелері үйлерін өзге біреулерге жалға берген. Мұндай қитұрқылыққа баратындар аз емес. Ал пәтерге қолы жеткендер қатарында бірнеше баспанасы барлар да кездеседі. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Жастар бағдарламамен үй алу үшін кемінде 2 жыл қалада тұрақты тіркеуде тұруы керек. Тұрақты жұмысы болуы шарт. Жекеменшігінде жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Пәтер тек қана үйі жоқтарға берілетін болса, жеңілдікпен үй алғандар неге баспанасын жалға берген? Заңды білсе де, шарасыздықтан жалдамалы пәтерді заңсыз паналап жүргендер де бар. Мәселен, өзін Тасболат деп таныстырған қала тұрғыны мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған баспананы жалдап тұрады. Себебі, жалдау ақысы арзан.

«Жас отбасымыз. Нұр-Сұлтанда тұрып жатқанымызға бірнеше жыл болды. Баспаналы болғымыз келіп, жастарға арналған бағдарламаға өтініш беріп едік, ол санат бойынша өтпей қалдық. Содан басқа да жолдарын қарастыра бастадым. Сол жалдамалы пәтерден үй алған кісілер пәтерін маған жалға беретін болып келісті. Себебі олардың өздері тұратын басқа үйі бар. Әрі пәтер құны да қатты қымбат емес», – дейді астана тұрғыны.

https://youtu.be/3tvK_9W9tJg Ал әкімдік өкілдері «шарт талаптары орындалмаса, жалдамалы пәтер мемлекетке қайтарылады» дейді.

Нұр-Сұлтан қалалық Тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаева: «Егер тұрғын үйді біреулерге жалға беретін болса, тексеріледі. Бөлім мамандары үйге келіп, шартты сұрап, тексеріп кімдер тұрып жатқанын күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Осындай жағдай шықса міндетті түрде акт жасалады», – дейді.

Бұған дейін астанада жекеменшігінде 67 пәтері бар азамат туралы жазған болатынбыз.