Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлем елдері рейтингісінде 105-орыннан көрінді

Қазақстан туу көрсеткіші бойынша әлем елдері рейтингісінде 105-орыннан көрінді

Туу деңгейі бойынша Қазақстан 225 елдің арасынан 105-орынға ие болды. Елімізде 10 мың адамға шаққанда орта есеппен 164 нәресте туған. Мұндай деректерді Finprom.kz сарапшылары ұсынды.

Туу деңгейі рейтингінде Нигер (10 мың адамға шаққанда 475 бала туылды), Ангола (427) және Уганда (423) көш бастап тұр. ЕАЭО елдерінің ішінде Қырғызстан Қазақстанға қарағанда жақсы көрсеткішке ие. Мұнда 10 мың адамға 206 нәрестеден келеді. Арменияда бұл көрсеткіш – 119, Ресейде – 100, Беларусьте – 95.

2020 жылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 386,9 мың сәби дүниеге келді. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 5 пайызға көп. Өңірлер бойынша Түркістан облысында ең көп бала дүниеге келген. Одан кейінгі сатыда Алматы облысы және Алматы қаласы тұр.

Былтырғы 11 айда елде 1 жасқа дейінгі 3 мың нәресте шетінеді. Елдегі нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 7,79-ға тең. Еліміздің 17 аймағының 8-інде коэффициент республикалық орташа деңгейден жоғары. Сәбилер өлімінің ең жоғары деңгейі Қостанай облысында тіркелген.