«Палауға сәбіз турап жатқанда...»: қанды оқиғада адам өлді
«Палауға сәбіз турап жатқанда...»: қанды оқиғада адам өлді
137
оқылды

Сарыағаш аудандық соты 1978 жылы туған А. есімді азаматқа қатысты қамауға алу және қамауда ұстау бойынша санкция берілді. "Тергеу органдары оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша айыптап отыр", – деді Сарыағаш сотының үйлестіруші судьясы Берік Қайыпов.

Адам өліміне қатысты оқиға 30 қаңтарда Сарыағаш қаласында болды. Тойға дайындық барысында жергілікті тұрғынның үйіне ағайын-туғаны жиналған. Үй иесі қызын тұрмысқа бермек еді. Аулада ер адамдар палауға сәбіз турап жатқан. Ол жерде үй иелерінің ғана емес, кейбірі өз пышағын ала барған. Кенеттен екі туыстың арасында дау шыққан. Ақырында олардың бірі қолындағы пышақты екіншісінің кеудесіне сұғып жіберген. Оқиғаға куә болған өзге туыстары ештеңе істеп үлгермеген. Бәрі қас-қағым сәтте болған. Жәбірленушіге көмектесуге тырысып, кеудесінен пышақты шығарды. Алайда суық қару жүрекке дәл тиген. Жәбірленуші сол мезетте қайтыс болды. Ал айыпталушы келген полицияға берілді. Куәгерлер қанды пышақты да көрсетті. Бірақ тергеушілер кісі өлтіру қаруын дәл анықтау үшін сол жердегі барлық пышақты алып кетті. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.