«Екпең де, өкпең де өзіңе!» – Балғынбек Имаш вакцина екпейтінін мәлімдеді
«Екпең де, өкпең де өзіңе!» – Балғынбек Имаш вакцина екпейтінін мәлімдеді
253
оқылды

Айтыскер Балғынбек Имаш коронавирусқа қарсы вакцина салдыртпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы айтыскер Instagram парақшасында жария етті.

«Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе!» – деді ол.

Бұған дейін де Балғынбек Имаш вакцина салу мәселесіне түбегейлі қарсы шыққан. Тіпті, Қазақстан азаматтығынан бас тартамын деген болатын.  Ал бұл жолы былай деп жазды:

«Адамдарды АллаТағала ұлттар мен ұлыстарға бөлген.

Енді Әлемдік күштер күштеп вакцина салдыру үшін бізді әр түске топтайтын болыпты.

Екпе ектіргендер Жасыл.

Екпе екпегендер Қызыл.

Одан бөлек түстер де бар ПЦР тест тапсырғандар, ауырып айыққандар т.б. Яғни, Жасылдарға бәрі рұқсат! Қызылдарға кейбір жерлерге рұқсат жоқ. Бұл мәжбүрлемей-ақ мәжбүрлеу ғой. Мен жазда ауырып шықтым. Енді маған екпе егу керек емес. Керек болса да екпес едім. Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым. Алла Ұлық. Шайтанға құлдық жасағандар, Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе!» – деді ақын.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Айтар болсақ, ақпаннан бастап елімізде ковидке қарсы жаппай вакцина егу басталды. Ол үшін Ресейде жасалған Спутник-V вакцинасы жеткізілді.