Қостанай мен Рудный мектептерінде сабақ тоқтатылды

Қостанай мен Рудный мектептерінде сабақ тоқтатылды

Бүгін Қостанай мен Рудный қалаларындағы мектептердің кезекші топтарына сабақ болмайды. Өйткені жолдың көктайғақ болуынан адамдардың жаяу жүруі қиындап кетті.

Күннің күрт жылынуымен жауған жаңбыр қостанайлықтарды әбден әбігерге салды. Осы жағдайға байланысты кеше кешкі сағат 20:00-ден республикалық, облыстық маңыздағы бірнеше бағыттағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Автобустар уақытылы жүрмегендіктен, такси қызметінің құны да қымбаттады. Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы әлі бірнеше күнге жалғасады.