Елорданың базарлары жексенбіде жұмыс істемейді

Елорданың базарлары жексенбіде жұмыс істемейді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қаладағы жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыс кестесі өзгертілді.

Жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте толтырылуы – бір келушіге 4 м2 есебі бойынша сыйымдылығы 30%-дан аспауы тиіс. Сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.

– Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жексенбі күні – жұмыс тоқтатылады. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сауда залында сатып алушылардың болуына тыйым салынады, – делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.