Елордада мейрамханаларға түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді
Елордада мейрамханаларға түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді
5,102
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, тұрғын үйлерден тыс орналасқан кафелер мен мейрамханалар сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. «Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, үй-жай ішінде 30 орыннан аспау шарттын сақтай отырып, көрші үстелдермен арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақталу тиіс. Бір үстелге отырғызылуы 4-6 адамнан аспауы керек. Осындай санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Жұмыс және демалыс күндері кестесі сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін белгіленген. Ал тұрғын үйлерде орналасқан тамақтану нысандарының кестесі жұмыс күндері 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді. Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін келушілердің ғимарат ішінде болуына тыйым салынады», – делінген 2 ақпанда жарияланған қаулыда.