Aiqyn газетінің араласуымен ұстаздарға жалақы аударылды
Aiqyn газетінің араласуымен ұстаздарға жалақы аударылды
114
оқылды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында мектеп мұғалімдерінің екі еселенген жұмыстары үшін тиісті жалақы төленбегені туралы ақпарат жариялаған едік. Мәселе газет бетінде көтерілгеннен кейін өзінің шешімін тапты. Бұл туралы Aikyn.kz порталының тілшісі хабарлады.

Басылым жарияланғаннан кейін Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов Сандықтау ауданындағы аталған мектепке арнайы ат басын бұрыпты. – Өткен жылдың екі тоқсанында Сандықтау ауданындағы бұл мектеп онлайн режимде қашықтан оқытылған. Ал 2021 жылдың қаңтарынан бастап дәстүрлі режимге көшіріліп, мектепте оқитын болған. Бұл жерде Сандықтау ауданы білім бөлімінің басшысы мен есепшісінің кінәсінен осындай жағдай орын алып отыр. Басқарма басшысы Бейбіт Жүсіпов білім бөліміне барып, мектеп ұстаздарының тиісті жалақыларын дереу аударуларын талап етті. Қазіргі уақытта осы мектептің барлық мұғалімдерінің карточкаларына жалақылары тиісті көлемде аударылды, – деді Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Индира Қалымжанова. Басқарманың баспасөз хатшысы Бейбіт Жүсіповтың өзге де қашықтан оқытудан дәстүрлі режимге ауыстырылған мектептерде мұндай жағдайдың қайталанбауын қатаң ескерткенін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы мектептердің біріндегі ұстаздар әрбір сынып екі топқа бөлініп екі ауысымда оқығандықтан екі мәрте сабақ бергені үшін тиісті жалақының төленбегеніне наразылықтарын білдірген.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы.