СҚО-да антисептик ішкен қыз көз жұмды
СҚО-да антисептик ішкен қыз көз жұмды
5,107
оқылды
Павлодарда арнайы орталықтың үш шәкірті антисептик ішіп, уланып қалған. Олардың ішінде 17 жастағы бойжеткен қайтыс болды. Оқиға қиын жағдайға тап болған балаларға көмек беретін аймақтық орталықта болған. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм антисептикті 3 күн бойы суға араластырып, ішкен. Бірақ, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған. "Қыз балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қарқынды терапия тағайындалды, ем-дом шаралары бір жарым сағат бойы жүргізілді. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бойжеткен антисептикті көп көлемде ішіп қойған"– дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. 2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілген. Қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан "Антисептик - МД-1" затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.