Түркістан облысында "Тұран" футбол командасы құрылды
Түркістан облысында "Тұран" футбол командасы құрылды
140
оқылды
Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан облысының жаңа "Тұран" командасы құрылды. Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«ҚР Футбол федерациясының Атқарушы комитеті кезекті отырыста Премьер-Лигада ойнайтын командалар құрамын 14-ке дейін көбейту туралы шешім шығарды. Қазақстанның 1-Лигасында біздің облыстан үш команда қатысқан болатын. Олар - «Мақтаарал«, «Арыс«, «Қыран« командалары. Біз осы үздік үш командадан іріктеу жүргізіп, облыстың, елдің намысын қорғайтын «Тұран» футбол командасын жасақтап жатырмыз. Жаңа футбол клубын құру мәртебесіне орай, Түркістан облысының әкімдігі «Тұран» футбол командасының жаңа логотипін қалыптастыру үшін бәйге жариялап отырмыз. Байқауға Қазақстанның барлық дизайнерлері мен суретшілерін қатысуға шақырамыз. ,– деді Сәкен Амангелдіұлы.
Жаңа футбол командасының басты ерекшелігі – құрамы тек жергілікті спортшылардан жасақталып отыр. "Бұл – жергілікті талантты футболшылардың үлкен аренаға шығып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашуға мүмкіндік", - деді әкім орынбасары.