Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
102
оқылды

Желтоқсанның 31-і күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

31-желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Сондай-ақ жел секундына 15-20 жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріңде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз бірқатар аумақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы облысының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болып, түнде жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.