Желі қолданушылары Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болғаны туралы ескертуде. Алаяқтар жеке фотосуреттеріне сілтеме жібереді, сол арқылы адамдардың жеке және төлем деректерін иемденеді, деп хабарлайды stopfake.kz. KZ Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен хабарлағандай, алаяқтықтың мұндай тәсілі қолданылуы мүмкін, өйткені зиянкестер жіберген сілтемеде зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету болуы ықтимал немесе ол фишингтік сайтқа апарады. – Егер сілтемесі бар ақпарат келсе, оны тексеру үшін https://t.me/kzcert чатына жіберіңіз. Қызметкерлеріміз тексеріп, жауабын айтады. Біз 24/7 жұмыс істейміз, – деп хабарлады KZ CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі. Сондай-ақ ақпараттық таратылымда ұялы байланыс компанияларының менеджерлерінің қоңыраулары туралы ескертіледі. Алаяқтар мобильді банкингке кіру үшін парольдерді алуға мүмкіндік беретін сандар мен белгілер жиынтығын телефонда теруді сұрайды.