Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Тобыл» FIFA тарапынан жазаланды
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Тобыл» FIFA тарапынан жазаланды
123
оқылды

FIFA тарапынан «Тобыл» клубына трансфер жасауға тыйым салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық футбол федерациясы Қостанай клубына жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды, бұл халықаралық және ішкі трансферлерге қатысты. Аталмыш санкция «Тобылға» FIFA-ның Дауларды шешу палатасының, өзінің бұрынғы футболшысы Фернандер Кассайға еңбек келісімшартын заңсыз тоқтатқаны үшін қарызын төлеуге міндеттеген қаулысының орындалмауына байланысты қолданылды. Бұл туралы ФИФА «Тобыл» ФК мен Қазақстан футбол федерациясына хабарлаған. Егер африкалық футболшы бір ай ішінде өз ақшасын ала алмаса, клубтан бірнеше ұпай алып тастауы мүмкін. Африкалық футболшы «Тобылмен» арадағы келісімшарт заңсыз бұзылғанын FIFA алдында дәлелдеп шыққан еді. Қостанайлық клубтың осы маусымға арналған бюджеті белгісіз. Сондай-ақ бірқатар футболшыларымен, бас бапкермен келісімшарт мерзімін ұзартпаған.