4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылайды.

Оңтүстікте жоғары қысым аумағында орналасқандықтан, күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.