Вакцина салдырған кезде талып қалған дәрігерге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Вакцина салдырған кезде талып қалған дәрігерге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды
5,162
оқылды

Облыстық аурухана қызметкері вакцинаның кері әсерінен емес, инеден қорыққаннан талып қалған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Денсаулық сақтау вице-министрі вакциналау кезде есінен танып құлаған дәрігердің жайын осылай түсіндірді. Ажар Ғинияттың айтуынша, медицина маманының ес-түссіз құлауына екпенің еш қатысы жоқ. Ол тек ине салу кезінде қатты қобалжып, соңы осылай аяқталған. Қазір оның жағдайы тәуір көрінеді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тараздағы жағдайға да қатысты түсініктеме берді. Бүгін әлеуметтік желілерде бір топ жедел жәрдем жүргізушілері наразылық білдірген видео тараған болатын. Дау көтергендер «вакцинаны мәжбүрлеп салғызып жатыр, екпені қабылдамаса жұмыстан қуады» деп шағымданған еді. Енді осы дерекке қатысты тексеріс басталды. Ақ-қарасы жақын күндері белігі болмақ.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Тараздағы жағдайға қатысты министрлікке келіп түскен ақпарат бойынша комитетке тапсырма берілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – деді.

Қазақстанда вакцинациялау басталғанда бірінші болып Бас санитар дәрігер мен Денсаулық сақтау вице-министрі салдырған болатын.