Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, ислам елдерінде вакцинация жүзеге асып жатыр. Өлім-жітімді азайту үшін вакцинациялау өте маңызды. Сондықтан вакцинаның халал немесе халал еместігі жөнінде мәлімет берілмейді.Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Вакцина адамның аденовирусы негізінде жасалғанын айта аламыз. Вакцина құрамы – адамның вирустары», – дейді.«Біз вакцинаны тек медициналық тұрғыдан қараймыз. Ол халал ма, халал емес пе оған жауап бере алмаймыз. Сондықтан халал немесе халал емес вакцина деген болмайды», – деді Ерлан Қиясов.
Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Антисептик оразаны бұза ма?» деген көпшіліктің сауалына жауап берген болатын.