Нұр-Сұлтанда жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады
Нұр-Сұлтанда жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады
5,134
оқылды

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары мен қонақтары жаңажылдық отшашуды тамашалай алады, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады. Салют жергілікті уақыт бойынша 00:00-де басталып, 6 минутқа созылады.

Фейерверк биіктігі – 210 метр, ені – 250 метр. Әр нүктеден 3500-нан 4000-ға дейін салют ату жоспарланған.

Салют өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.