Екібастұзда 30 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады
Екібастұзда 30 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады
94
оқылды

Павлодар облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Мұстафинов: «Кеше сағат 19:30-да Екібастұзда автобус жүргізушісі №120 маршруты бойынша «Вольво» автобусын жүргізіп келе жатып, «Екібастұз - КП Батыр» тасжолында (Южная бекеті маңы) рульге ие бола алмай қалып, жыраға құлады. Автобуста 30 адам болған. Барлығы бір мекеменің жұмысшылары», – деді.

Жол апатынан жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен жоқ. Автобусты арнайы айыптұрағына қойды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.