Зейнетақы жинағын туған-туысына беру оңай болады   
Зейнетақы жинағын туған-туысына беру оңай болады   
111
оқылды

Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Банк Instagram-дағы парақшасында арнайы нұсқаулық жариялады:
  1. Қабылдаушы тарапқа да, табыстаушы тарапқа да – арнайы шот ашыңыз;
  2. Өтінім берер алдында, екі тарап та enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткендігіне көз жеткізіңіз;
  3. Табыстаушы тарап www.otbasy-enpf.kz платформасында «жақын туысына қаражат табыстау» тетігін таңдайды.
  4. Табыстау қажет соманы көрсетесіз. Табыстауға болатын сомадан 20 000 теңгеге кем жазуға кеңес береміз.
  5. Зейнетақы жинақтарын қабылдайтын туысының ЖСН-ін жазасыз.
  6. БЗТ қаражаты түскені туралы смс-хабарламаны күтіңіз. Өтінім 7 жұмыс күні ішінде қаралады (2 күн – банк, 5 күн – БЖЗҚ).
  7. Осыдан кейін туыс екеніңізді растайтын құжаттарды жүктеңіз (неке, туу туралы куәлік және т. б.).
Құжаттарды тексеруге әдетте 2-3 күн жұмсалатыны хабарланды, содан кейін «Сіздің өтінішіңіз өңделді және аяқталды» деген хабарлама келуі керек.

Ал қабылдаушы тарап, яғни туысыңыз қаражатты былай алады:

  1. Жеке кабинетте туысқаныңыздың қаражатын қабылдаңыз, «келісім» пернесін басыңыз.
  2. ЭЦҚ арқылы келісімге қол қойыңыз. Кабинетке қайта кіріңіз, қаражаттың шотта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жеке кабинетте, өтінім беру бетінің төменгі жағында көрсетілуі керек.
  3. Барлық соманы, соның ішінде туысқандарыңыздың да жинақтарын пайдалануға өтініш беріңіз.

Зейнетақы жинағы тек жақын туыстарға беріледі. Атап айтқанда,  ерлі-зайыпты; ата-аналар; балалар; бала асырап алушылар, асырап алынғандар; туған немесе әкелері бір, аналары бөлек аға-іні, әпке-сіңлі; ата, әже).

Бұл жаңалық алдағы 2 апта ішінде қолданысқа енгізіледі.