Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.
Банк Instagram-дағы парақшасында арнайы нұсқаулық жариялады:- Қабылдаушы тарапқа да, табыстаушы тарапқа да – арнайы шот ашыңыз;
- Өтінім берер алдында, екі тарап та enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өткендігіне көз жеткізіңіз;
- Табыстаушы тарап www.otbasy-enpf.kz платформасында «жақын туысына қаражат табыстау» тетігін таңдайды.
- Табыстау қажет соманы көрсетесіз. Табыстауға болатын сомадан 20 000 теңгеге кем жазуға кеңес береміз.
- Зейнетақы жинақтарын қабылдайтын туысының ЖСН-ін жазасыз.
- БЗТ қаражаты түскені туралы смс-хабарламаны күтіңіз. Өтінім 7 жұмыс күні ішінде қаралады (2 күн – банк, 5 күн – БЖЗҚ).
- Осыдан кейін туыс екеніңізді растайтын құжаттарды жүктеңіз (неке, туу туралы куәлік және т. б.).
Ал қабылдаушы тарап, яғни туысыңыз қаражатты былай алады:
- Жеке кабинетте туысқаныңыздың қаражатын қабылдаңыз, «келісім» пернесін басыңыз.
- ЭЦҚ арқылы келісімге қол қойыңыз. Кабинетке қайта кіріңіз, қаражаттың шотта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жеке кабинетте, өтінім беру бетінің төменгі жағында көрсетілуі керек.
- Барлық соманы, соның ішінде туысқандарыңыздың да жинақтарын пайдалануға өтініш беріңіз.
Зейнетақы жинағы тек жақын туыстарға беріледі. Атап айтқанда, ерлі-зайыпты; ата-аналар; балалар; бала асырап алушылар, асырап алынғандар; туған немесе әкелері бір, аналары бөлек аға-іні, әпке-сіңлі; ата, әже).
Бұл жаңалық алдағы 2 апта ішінде қолданысқа енгізіледі.