Тоқаев Үкімет басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді
Тоқаев Үкімет басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді
5,131
оқылды

Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары баяндалды. Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.