Көліктегі полиция мәліметінше, 41 жастағы Қарағандының тұрғыны 1 900 000 теңгесін пойызда ұмытып кеткен.
Сөмкенің иесі Ерболат Әмірханов 3 ақпанда Шымкенттен Қарағандыға келген. Сөмкесін жоғалтқанын пойыздан түскен соң бір-ақ білген жолаушы ақшасын іздеп астанаға келеді. Полицей Берік Аққалиев 1 900 000 теңгесі бар сөмкені тауып, иесіне тапсырды.Көліктегі полиция жолаушыларға жол жүргенде мұқият болуға шақырады.«Полицейлерге және маған көмек көрсеткен полицей Берік Аққалиевке алғыс айтамын. Жедел іздестіріп жоғалтқан қаражатымды тауып берді», – деді Ерболат Әмірханов.