«Жусанның» жалғасы: Сирияда жетім қалған балаларды елге әкелді
Бүгін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігі бірлесіп АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен қазақстандық бір топ азаматты Сириядан елге әкелді.
«Терроризмге қатысқан адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі. Мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту орталығында қоғамға қайта бейімдеуден өтеді», – деп хабарлады министрлік.
Террористік іс-әрекеттер жалғасып жатқан аймақтардан Қазақстан азаматтарынан қайтару – «Жусан» операциясының жалғасы.