Алматыда «Сергек» камералары іске қосылады
Алматыда «Сергек» камералары іске қосылады
95
оқылды

Қала көшелерінде 400 жаңа камера орнатылған.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады, – деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 «Бұл камералар жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайды. Әсіресе жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері талаптарын орындамау, аялдама ережелері немесе тоқтау ережесін бұзу, сонымен қатар қоғамдық көлік жолағына шығып кету сияқты ереже бұзылған жағдайды тіркейді», – делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.