Еңбек Ері екпе салдырды
Еңбек Ері екпе салдырды
128
оқылды

Екпені ерікті түрде салдырған Мұқаш Зұлқарнайұлы сондай-ақ жамбылдықтарға және әріптестерін аурудың таралуын азайтуға шақырды.

«Вакцинация –  коронавирус кеселін  жеңудің жалғыз жолы. Қазір бізге арқаны кеңге салуға болмайды. Вирусқа қарсы иммунитетті тез қалыптастыру үшін вакцинаны ерте салдырғанымыз жөн. Әлемдік пандемия жағдайында біз тек екпені дер кезінде қабылдап, өзіміз бен жақындарымыздың өмірін қорғай аламыз. Вакцинациядан қорқатын еш себеп жоқ. Өзімнің денсаулығымды жақсы сезініп тұрмын. Екпенің ешқандай кері әсері байқалмады. Сондықтан жерлестерім мен әріптестерімді вакцина салдыруға шақырамын», –  деді  Мұқаш Ескендіров.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы