Дәрігерлер аурудың түрі анықталғанша науқастарды бөлек емдеуде.
Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань билігі қалада белгісіз пневмония аурулары тарап жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.
«Белгісіз пневмония жағдайын анықтауға байланысты біз барлық медициналық мекемелерден статистика жүргізуді және пациенттердің жағдайын қадағалап, бұл туралы дереу хабарлауды сұраймыз», – деді дүйсенбіде қалалық денсаулық сақтау комитеті.
Министрлік жергілікті БАҚ-тарға дәрігерлер аурудың түрін анықтағанша пациенттер бөлек емделетінін растаған.
Биліктің мәліметінше, желтоқсан айында Уханьде вирустық пневмонияның 27 жағдайы тіркелді, жеті адамның жағдайы ауыр. Олардан басқа екі адам емделіп, жағдайы жақсарып қалған. Уханьға Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мамандары келді.
Қытайда пневмония ауруы бұрын да бірнеше рет тіркелген. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2002-2003 жылдары эпидемия кезінде Қытай бойынша осы аурудан 350-ге жуық адам қайтыс болды, ал ауру жұқтырғандардың жалпы саны 5 мыңнан асқан.
Жалпы, осы күнге дейін әлемнің 30 елінде аталған аурумен 8,5 мыңға жуық адам ауырғаны тіркеліп, 900-ден астам адам қайтыс болған.