Елордалық жігіт 12-қабаттан секірмек болды
Елордалық жігіт 12-қабаттан секірмек болды

Polisia.kz-тің  мәліметіне сүйенсек, «102» пультіне Тілендиев көшесі бойындағы тұрғын үйдің 12-қабатынан ер адамның секіргелі тұрғаны жайында куәгерлерден хабар түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Сол кезде жігіт балкон қоршауының үстіне шығып алған екен. Осыны байқаған патрульдік полиция полкі взводының командирі Әділжан Мұсылманбеков жігіттің назарын өзіне аударып, қолайлы сәтте оны балконның ішіне қарай тартып алған. Сөйтіп, ол полицияның аудандық бөліміне жеткізілді. Сол жерге психологтар да шақыртылды.

Медициналық сараптамадан кейін, 26 жастағы жігіт алкогольдік ішімдік ішіп, масайып алғаны анықталды. Ол отбасылық жанжалдан кейін секірмек болыпты.