Құрманғазы оркестрі қарттар үйіндегі қарияларды қуантты
Құрманғазы оркестрі қарттар үйіндегі қарияларды қуантты
183
оқылды

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы қалалық қарттар үйінде концерт қойды. Бұл туралы оркестрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Өнер ұжымы күллі әлем халқы асыға күтетін ерекше мейрам алдында қарттар үйіндегі қарияларды құттықтап қана қоймай, олар үшін арнайы кеш ұйымдастыруды ұйғарыпты. Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылық білдірді.

Бұл концертте Құрманғазы оркестрі қазаққа белгілі Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас сынды күйшілер мен шетелдік композиторлардың танымал шығармаларын орындады.

Алматы қаласындағы Мамыр шағын ауданында орналасқан Қарттар үйінің жауапты мамандары оркестр ұжымына барша ардагерлер атынан рахмет айтып, алғыс хат табыстады.

оркестр 2.jpg