Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

Елде қатерлі ісікке шалдығатындар саны артып барады. Осы күні 190 мыңға жуық адамнан обыр табылды.

Жыл сайын 35 мың адамға осы диагноз қойылады. Оның 15 мыңы қатерлі ісіктен көз жұмады. Дәрігерлер мұны қорқынышты дерек дейді. Алдын алмасақ, сан соғып қалуымыз мүмкін деп отыр. Сондықтан саулық сақтықта екені санада тұрсын. Ең бірінші, енжарлық – бізді обырдың құрбаны қылып тұр.  Уақытылы тексерілмейміз. Екіншіден, дұрыс тамақтанбау. Салауатты өмір салтын ұстанатындар да сирек.  Ауру әбден асқынғанда ғана дәрігердің барын еске аламыз.  Бұл бәлекет те бірден біліне қоймайды. Жегі құрттай жеп жатады. Сөйтіп, өлімші күйге бірақ түсіреді. Ал ондайда ақ халаттылардың араша түсуі не ғайбыл.