Келешегі кемел ынтымақтастық
Келешегі кемел ынтымақтастық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барды. Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл На­хаян­мен кездесті. Қазақстан басшысын ресми қарсы алу салтанаты Әл-Уатан сарайының алдында өтті. Рәсім барысында Қазақстанның туы көтеріліп, екі мемлекеттің ұлттық әнұраны орындалды.  Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед Заид Әл На­хаян сә­­­лемдесіп, бір-біріне іл­типат біл­діргеннен кейін Құр­метті қа­рауыл ротасын ара­лап өтті. Екі ел­дің ресми делегация мү­ше­лері та­ныстырылған соң, Мем­лекет бас­шысы Құрметті қо­нақтар кі­табына тілек жазып қал­дырды. Қарсы алу рәсімі аяқталы­сы­мен, Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері ке­ліссөз жүргізді. Тараптар екі­жақты қарым-қатынасты жан­дандыруға, экономикалық се­ріктестікті кеңейтуге баса на­зар аударды. – Біріккен Араб Әмір­лік­­теріне келгеніңізге қуа­ныш­­­тымын. Әмірліктер бас­­шы­­­сының атынан Сіздің са­па­рыңызға табыс тілеймін. Со­ны­мен қатар жақын досы­мыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлем жолдаймыз. Қа­зіргі уа­қытта елдер арасындағы екі­жақ­ты қатынас жоғары дең­­­гей­де дамып келеді. БАӘ Қа­­­зақстанмен өзара ық­пал­дастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттеріміз ара­сындағы ынтымақтастық жан-жақты дамуда, – деді шейх Мұ­хаммед. Мемлекет басшысы қонақ­жайлы­лық танытқаны үшін оған ризашылығын білдіріп, Қа­зақстан Президенті ретінде араб әлеміне жасаған алғаш­қы сапарын Біріккен Араб Әмір­ліктерінен бастап отырғанын атап өтті. – Екі ел арасындағы қа­рым-қатынас тарихының тамыры терең. Бізді шынайы дос­тық, өзара сенім мен тү­сі­­­ністік байланыстырады. Сон­­­дықтан қарым-қаты­на­­­­сымыздың келешегі зор. Са­парымның негізгі мақ­са­ты – екі мемлекеттің ын­ты­мақ­тастығына тың серпін беру. Біз үлкен жетістіктерге қол жет­­кіздік, бірақ бір орында тоқ­тап қалуға болмайды. Алға жыл­жуымыз керек. Мен осы са­парға ерекше мән беремін жә­не үлкен үмітпен қараймын, – деді Қ.Тоқаев.  width= Кездесу барысында мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және инвестиция салаларындағы өза­ра іс-қимылдар мен ын­ты­­мақтастық мәселелері қа­рас­тырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі мем­лекеттің де маңызды тарихи ке­зең алдында тұрғанын, ке­ле­сі жылы Әмірліктердің құ­рыл­­ғанына 50 жыл, Қазақ­стан­ның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатынына екпін түсірді. Кездесу соңында тараптар қол жеткен уағдаластықтарды рә­сімдейтін құжаттарға қол қойды. Нақтылай кетсек, елі­міздің Энергетика ми­нистр­лігі мен БАӘ Энергетика жә­не өнеркәсіп министрлігі Мұ­най-химия өнеркәсібі сала­сын­дағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ме­морандум, Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен БАӘ экономика ми­нистр­­­­лігі, сондай-ақ «Аста­на» халықаралық қаржы орта­лы­­ғының Қаржылық қызмет көр­сетуді реттеу жөніндегі ко­­митеті мен БАӘ Орталық бан­­кі өзара түсіністік туралы ме­­морандумдар бекітті. Жалпы, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары дең­гейін куәландыратын деректер бар. БАӘ басшылығы Қазақстан ұйымдастыратын бірде-бір ха­лықа­ралық ірі іс-шарадан қалмай, барлығына қатысады. Қазақстан басшылығы да бұл елге жиі са­парлайды. Мысалы, 2019 жыл­ғы наурызда Әмірліктерде Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс са­парымен болып қайтты. Бұдан бөлек, екі мұсылман мемлекеті ғарышты игеру сала­сында тығыз ынтымақтасуда. Қа­­зіргі кезде «Союз» ұшыру ке­ше­нін жаңғырту арқылы «Бай­қо­ңыр» ға­рыш айлағында ғарыштық зы­мыран кешенін құру жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Әлем­дік ұшыру қызметтері на­рығында сұранысқа ие болады деп баға­ланған ірі жобада Қа­зақ­станның Ресейден өзге серіктесі Біріккен Араб Әмірліктері болып отыр. Қазақстан Президенті Abu Dhabi National Oil Company мұ­най компаниясының бас дирек­торы Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті. ADNOC компаниясы – БАӘ-дегі «қара алтын» мен «кө­гіл­дір отын» өндіретін көшбасшы, ал әлем бойынша төртінші орын­дағы кәсіпорын. Оның мұнай қоры шамамен 100 миллиард бар­рельге тең. Кәсіпорын күніне 2,4 миллион баррельге дейін мұнай өндіреді.  width= Кездесу барысында тараптар әлемдік нарықтағы мұнай мен газ өндірісіне қатысты ахуал туралы пікір алмасып, бұл сала Қазақстан мен Әмірліктер экономикасының негізін құрайтынына тоқталды. Мемлекет басшысы еліміз көмірсутекті терең өңдеуге ба­сымдық беретінін, осыған бай­ланысты Қазақстанда мұнай-хи­мия саласындағы жобаларды да­мытуға қолайлы жағдай жасал­ғанын жеткізді. – Қазақстанда мұнай-химия саласы дамып келеді. Алдағы уақытта компанияңызбен осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді Қ.Тоқаев. Президент сондай-ақ Al Nowais Investments компания­сының басқарма төрағасы Хус­сейн Әл Новейспен кездесу өт­кізді. Осы елде ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс аймағындағы ең ірі инвестициялық ұйым саналатын Al Nowais Investments бүгінде көп салалы бизнес жүргізіп отыр. Оның жылдық айналымы 1 мил­лиард доллардан асады. Хуссейн Әл Новейс Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіп, энер­гетика, инфрақұрылым, ден­саулық сақтау және тағы да басқа салалар бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы мағлұмат берді. Мемлекет басшысы жаңғы­ратын энергия көздеріне инвес­тиция салып, бұл саланы ілгері­лету үшін Қазақстан 2013 жылдан бері жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын жүзеге асырып жатқаны туралы айтты. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік бойынша көп­теген жобалардың қолға алын­ғанын, 2025 жылға дейін Денсаулық сақтау саласын да­мыту бағдар­ламасының қабыл­данып, іске асырылып жатқанын мәлім етті. Мемлекет басшысы Aldar Properties компаниясы Дирек­торлар кеңесінің төрағасы Мұ­хаммед Әл Мүбәракты қабыл­дады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев­қа өз компаниясы іске асырып жатқан «Abu Dhabi Plaza» жо­ба­сының қазіргі жағдайы, Нұр-Сұлтандағы көпфункционалды кешеннің құрылысын белгіленген уақытта аяқтау үшін атқарылып жатқан қосымша жұмыстар ту­ралы баяндады. Қазақстан Пре­зиденті еліміздегі ең ірі құрылыс нысандарының бірі саналатын жобаның уақытылы аяқталып, ел игілігіне берілеріне сенім білдірді. Бұдан бөлек, ол туризм индус­триясындағы ынтымақтастық әлеуетін тілге тиек етті. Қ.Тоқаев Abu Dhabi Global Market еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекеттік министр Ахмед Әли Әл Сайихпен жүздесті. Тараптар Абу Даби ЕЭА-ның «Астана» қаржы орталығымен бірлескен жобаларының жүзеге асырылуы жайында әңгімелесті. Әл Сайихтың айтуынша, өзара ынтымақтастықты дамыту жө­нінде нақты жоспарлары бар. Мемлекет басшысы бұл ұйымның елімізде атқарып жатқан жұмы­сына ризашылық білдіріп, қаржы нарығын реттеу саласындағы ық­палдастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.   Айхан ШӘРІП