Жас жігіт киім-кешек дүкенінен алты футболка ұрлап кеткен. Ол ұрланған заттарды киімінің ішіне жасырып, алып шыққан екен.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мелімдеуінше, ұсталған жігіт жасаған іс-әрекетін мойындады. Заттай дәлелдеме – футболкалар тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы анықталуда. Полиция департаменті мұқият болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.