Путин 6 жылда алғаш рет Украина президентін Жаңа жылмен құттықтады
Путин 6 жылда алғаш рет Украина президентін Жаңа жылмен құттықтады

Украина мен Ресей президенттері Владимир Зеленский мен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz president.gov.ua-ға сілтеме жасап.

Екі мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен және қамаудағыларды 29 желтоқсанда өзара босатуымен құттықтады делінген. Тараптар сондай-ақ Ресей газының Украина арқылы транзиті туралы келісім жасалғанын бір күн бұрын қолдап отыр.

Lenta.ru атап өткендей, Путин бұл қызметті 2014 жылдың 7 маусымынан 2019 жылдың 20 мамырына дейін атқарған Украинаның бесінші президенті Петр Порошенконы ешқашан құттықтаған емес.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Президенті Владимир Зеленскийді өте ақкөңіл және ақжарқын деп атаған.