Мереке күндері Нұр-Сұлтанда қай автобустар жиі жүреді
Мереке күндері Нұр-Сұлтанда қай автобустар жиі жүреді

Жаңа жыл мерекесі күндері елордада қоғамдық көлік күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, – деп хабарлайды Астана LRT компаниясы.

«Мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі. Жаңа жыл мерекесіне орай бірнеше демалыс болады. Осы күндері қала тұрғындары мен қонақтары көңіл көтеру орындарына жайлы жетуі үшін, жоғары сұранысқа ие бағдарлардың жұмысы күшейтіледі», – делінген компанияның Facebook-тегі парақшасында.

2020 жылы 2 қаңтарда – №9, 10, 12, 18, 28, 31, 37, 40, 47, 51, 302, 303 бағдарлары;

3 қаңтар күні – № 2, 8, 9, 10, 12, 18, 19, 28, 31, 33, 37, 40, 47, 51, 70, 71, 302, 303 бағдарлары;

4 қаңтарда – №9, 10, 12, 18, 28, 31, 37, 40, 47, 51, 302, 303 бағдарлар күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.