Талдықорғанда зейнетақыны жеткізбек болған пошта қызметкерін тонап кетті
Талдықорғанда зейнетақыны жеткізбек болған пошта қызметкерін тонап кетті
108
оқылды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 191 бабы 1 бөлігі «Тонау» дерегі бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.

Оқиға 3 ақпан күні болды. Күндізді сағат 11:00-де полиция бөлімшесіне 53 жастағы пошта қызметкері арызданған.

«Пошта қызметкері зейнеткерлер үйіне келе жатқанда белгісіз біреу артқы жағынан келіп, велосипедтің жәшігінде жатқан дорбаны алып қашқан. Онда 1,5 млн теңге болған. Жедел-іздестіру шарасы барысында 40 жастағы жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті бұған дейін де сотталған екен», – деді Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.