Оливьені ұнататын жұмысбасты жандарға лайфхак көрсетілді

Украиналық супермаркеттерде Оливье салатына арналған ингредиенттері бар үш литрлік банкалар сатылады.

Facebook қолданушысы Ольга Волошин оны дүкеннен тапқаны туралы жазған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа жылдық салаттың барлық компоненттері ыдысқа салынған. Тек оны ыдысқа қотарып, майонезбен араластыру ғана қалған.

Постың астына жазылған комментарийлерде бұл идеяны жұмыстан кеш қайтатын, жаңа жылдық дастархан әзірлеуге уақыты жоқ әйел ойлап тапқан деген болжамдар айтылуда.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.