Қазақстандықтар Мальдив аралына жиі баратын болып шықты
Қазақстандықтар Мальдив аралына жиі баратын болып шықты
5,172
оқылды

Мальдив аралдарының туризм министрлігі 2021 жылы қаңтар айында елге келушілер статистикасын ұсынды. Онда демалуға барған туристер саны бойынша қазақстандықтар алғашқы бестікке кірді. Өткен айдың өзінде ол жаққа 92 103 шетелдік турист барған. Ресей, Украина және Қазақстаннан барғандар – бұл көрсеткіштің үштен бір бөлігінен астамын құрап отыр.

«Вестник АТОР»-дың хабарлауынша, Ресейден кейін екінші орында Үндістан тұр. Ал Украинадан соң Қазақстан – төртінші орында. Бұл бестікті Румыния түйіндеді. Міне, Мальдив аралдарына келгендердің 35,4 пайызы осы 5 елге тиесілі. Мұндай тенденцияның орын алуына коронавирус пандемиясы және Еуропа елдеріндегі аурудың таралуына қарсы қабылдаған шектеулер себеп болған.

Мальдив аралдарының туризм министрлігінің мәліметтері бойынша, 2021 жылы олар әлемнің түкпір-түкпірінен кем дегенде 1,5 миллион турист келеді деп күтеді.