Токио Олимпиадасының алғашқы ережелері жарияланды
Токио Олимпиадасының алғашқы ережелері жарияланды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК), Халықаралық паралимпиада комитеті және «Токио – 2020» ұйымдастыру комитеті Жапониядағы жазғы ойындардың алғашқы ережелерін жариялады. Бұл туралы ХОК сайтында хабарлады.

Ойынға қатысатын спортшылар өздерінің жай-күйі туралы есеп беретін арнайы қосымшаны пайдалануға міндеттеледі. Сондай-ақ олар айналадағы адамдармен физикалық байланысты болудан барынша қашуы тиіс, оның ішінде қол алысу да бар. Қатысушылар өзара екі метрлік арақашықтықты сақтауы керек. Атлеттердің жарыс кезінде көрермендер қатарына отыруына тыйым салынды. Сонымен қатар жанкүйерлердің айғайлап, ысқыратын заттарды пайдалануына рұқсат жоқ. Көрермендер спортшыларды тек қол шапалақтап, қолдай алады.

Токиоға шығарда 72 сағат бұрын спортшылар коронавирусқа тест тапсырып, теріс нәтижесін растайды. Жарысқа ұшып келерден екі апта бұрын спортшылар ішкі қарым-қатынасты азайтуы тиіс. Оларға коронавирусқа қарсы вакцина күштеп салынбайды. Аталған талаптар бұзылған жағдайда спортшы жарыстан шеттетілуі мүмкін. Токио Олимпиадасы коронавирусты инфекцияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды.