Қазақстанның көп аймағында қар жауады
Қазақстанның көп аймағында қар жауады
374
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқып, екпіні 23-28 м/с болады.

Кей жерлерде көктайғақ болып, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріңде бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде, бұрқасын, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлеріңде тұман түседі.