Жетісайдағы қоғамдық қабылдауда 2 мәселе шешілді
Жетісайдағы қоғамдық қабылдауда 2 мәселе шешілді
202
оқылды

Түркістан облысында «Nur Otan» фракциясының депутаттары қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастырып жатыр. «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темір Қырықбаев қабылдау өткізді. Сонымен бірге Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Жұмағали Төреқұл, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов та жергілікті тұрғындарды қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады. Аудан әкімдігінің бірнеше бөлімінің басшылары да қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың бірі – Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны Шариф Давранов ауылда спорт комплексінің жоқтығын айтып, елді мекен мектебінің спорт залында спорттық үйірмелер ұйымдастыруға көмек сұрады. Сонымен қатар Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Құрбанай Муссулумова әжесінің зейнетақы көлемінің тым төмен екендігін алға тартса, қабылдауға келген У.Ермаханбетова өзінің зейнетақы қорындағы қаражатымен несиесін жабуға көмек керектігін жеткізді. Жетісай қаласының екі тұрғыны баспана мәселесін алға тартты. [caption id="attachment_108659" align="alignnone" width="960"]Жетісай ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Халық қалаулыларының қабылдауында болған Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылының тұрғыны С.Аджиханов ескі үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына көмек сұрады. Бүгінде 4 перзентімен 1950 жылы салынған ескі үйде тұрып келе жатқан жалғызбасты әке еденнің ескіріп, терезелерінің қирап жатқанын айтады. Жалғыз өзінің жалдамалы жұмыстан тапқан табысы ас-ауқаттан артылмайтын көрінеді. Айтылған бұл өтінішке байланысты облыстық мәслихат депутаты Темір Қырықбаев алдағы екі айда өз қаржысы есебінен тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруге уәде етті. Жетісай Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Сырабад елді мекенінен келген М. Бегалиеваның да мәселесі оңды шешілді. Кәмелет жасына толмаған аурушаң перзентінің өздігінен жүріп-тұруы қиындаған. Қажетті дәрі-дәрмектері табыған жағдайда физиотерапиялық емді 30 күн қабылдауы керек екен. Отағасы екеуі жалдамалы жұмыспен балаларын асырап отыр. Қызының денсаулығы алаңдатқан ана тиісті емдік курсқа қаржының жетпей тұрғанын айтып, көмек сұрады. Бұл мәселеге байланысты аудандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл қаржылай көмек беріп, «Жетісай» аудандық ауруханасы дәрілері мен тиісті емдерін тегін жүргізуге уәде берді. Қоғамдық қабылдау барысында мәселесін айтқан әрбір азаматқа тиісті сала мамандары тарапынан құқықтық кеңестер беріліп, өтініштер бойынша заң аясында жұмыстар жүргізілетін болды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.