Дүлей боранға байланысты Ақтөбе облысында жолдар жабылды

Дүлей боранға байланысты Ақтөбе облысында жолдар жабылды

Ақтөбе облысында боранға байланысты жол жабылды, — деп хабарлайды QazAutoJol компаниясы.

«1 қаңтар түнгі сағат 00:00-ден бастап қар, боран және жолда түк көрінбейтіндіктен Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе – Орск» тасжолының 39-135 шақырымы уақытша жабылды (Шәмші Қалдаяқов ауылынан Ресей шекарасына дейінгі аралық). Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған. Сондай-ақ «Самара - Шымкент» тасжолының 773-853 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу қойылды» делінген ресми хабарламада.