Елімізде шығарылатын нетбуктар жайлы не білеміз?
Елімізде шығарылатын нетбуктар жайлы не білеміз?
136
оқылды
Петропавл қаласындағы Киров атындағы зауытта "ZIK" брендімен заманауи нетбуктар шығарылып жатыр. Отандық өнім оқушылардың қашықтан оқу форматында қолданылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нетбуктың жиілігі 2 ГГРЦ болатын 4 ядролық процессоры бар. USB-і 3,1. Нетбук сонымен қатар аудио/микрофонмен, карт ридермен жабдықталған. Intel UHD Graphics 600 видеокартасы, одан бөлек 4,2 стандартты Bluetooth адаптері бар. Нетбуктың жедел жады 8Гб. Windows ® 10 Pro операциялық жүйесі орналастырылған. Батареясының қуаты сағатына 40 Ватт. Автономды жұмыс уақыты 10 сағатқа дейін шыдамды. Экранының диагональі 11,6 дюйм. Өндірушілердің айтуынша, бұл өнім шетелдік нетбуктардан еш кем емес. Нетбуктың бағасы 134 мың теңге. Өнім «СТ-KZ» сертификатына ие. Бұл нетбукты шығаратын зауыт қажетті құрал-жабдықтардың 40 пайызын Қазақстанның өз ішінен жинайды. Қазіргі уақытта бұл компьютерлер отандық білім беру мекемелерінде қолданыста бар.